Михал Билек: "Мен өз командама сенемін"

1667

УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы "Динамо Брест" - "Астана" арасындағы кездесу алдында елорда командасының бас бапкері Михал Билек және белорусиялық команданың бас бапкері Сергей Ковальчуктің қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

Михал Билек: "Мен өз командама сенемін"

"Біз ертең ресми ойын өткізетінімізге өте қуаныштымыз. Себебі, команда бес ай бойы ойын тәжірибесінсіз қалып қойды. Бұл футболшылар үшін ең қиын кезең болғаны анық. Тек қана жаттығу жасап, ойын өткізбеу команда үшін қиын. Сондықтан, ертеңгі ойында апта сайын ресми матч өткізіп жүрген қарсылас командада аздаған басымдық болатыны анық. Дегенмен, бұл жағдай ешкімді алаңдатпауы тиіс. Барлығымызды тек қана жақсы нәтиже күтеміз. Мен өз командама толықтай сенім артамын. Біздің бұл кездесуде жеңіске жетуге қауқарымыз жетеді. "Динамо" - құрамына мықты футболшыларды жинақтаған, өте жақсы команда. Бізді ертең маңызды ойын күтіп тұр, бірақ мен біз жеңіске жетеміз деп үміттенемін", - деді Михал Билек баспасөз жиынында.

Жиында елорда командасының вице-капитаны Дмитрий Шомко да ойын туралы өз пікірімен бөлісті.

"Беларусь халқы өте қонақжай, сондықтан бұл жаққа келген сайын қуанамыз. "Динамо" - құрамы толық жасақталған өте жақсы команда! Біз келесі кезеңге өту үшін барымызды салып, ойында 100% күшімізді сарқуға дайынбыз!", - деді Шомко.

Сондай-ақ "Астанаға" қарсы кездесу алдында "Динамо Брест" командасының бас бапкері Сергей Ковальчук баспасөз жиынында ойынға қатысты өз пікірін білдірді. Ол "Астананың" мықты қарсылас екенін ерекше атап өтті. Дегенмен келесі айналымға өту үшін аянып қалмайтынын және әр команданың мүмкіндігі 50 де 50 де деген өз ойын жеткізді.  

"Біз Қазақстан чемпионына қарсы ойынды асыға күтудеміз. "Астана" - еурокубоктердегі тәжірибесі өте мол, мықты қарсылас. Алайда, бұл кездесудің тағдыры бір ойынның қорытындысында шешіледі. Біз өкінішке қарай, өз алаңымызда жанкүйерлерсіз ойнауға мәжбүрміз. Дегенмен, келесі кезеңге өту үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз. Келесі кезеңге өтетін мүмкіндігіміз 50 де 50 деп ойлаймын", - деді Сергей Ковальчук.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу