Михал Билек: "Менің қаңтар айын дейін келісім-шартым бар"

1685

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Михал Билек Ұлттар лигасының соңғы турында Литвамен болатын матч туралы пікір білдірді. Ол сонымен қатар отставкаға кетуі туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Михал Билек: "Менің қаңтар айын дейін келісім-шартым бар"

"Бір команда ретінде ойнаймыз және қорғаныста сауатты ойнау керек. Екінші таймда біз өз мүмкіндіктерімізді сезіне алмадық. Атап айтар болсам, Вороговский мен Сүйімбаев гол соғуы мүмкін еді. Ал, мен жұмыстан кетеді деген ақпаратқа келер болсақ, қаңтар айына дейін есептелген келісім-шартым бар. Барлық матчқа көңіл бөлемін және жаңа келісім туралы басшылықпен әлі сөйлеспедім", - деді Билек.

Сонымен қатар бас бапкер Бауыржан Исламханның допинг дауына қатысты және ертең өтетін матч туралы сөз қозғады.

"Мен жағдайдың қалай болғанын білмеймін. Бауыржанмен байланыста емеспін. Ал ертеңгі матчқа келер болсақ, нәтиже үшін ойнаймыз. Ауа-райына қарамастан, біз үшін жеңу маңызды", - деп қоса кетті Ұлттық құраманың бас бапкері.

Бұған дейін Meta-ratings.kz сайтында белгілі болғандай, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Ұлттар лигасында Литвамен болатын матчтан кейін өз қызметінен кетеді деген ақпарат шыққан болатын. Чехиялық маман өзінің штабына Қазақстан Футбол Федерациясы онымен Катарда өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатының келесі іріктеу кезеңіне арналған келісімшартты жаңартуға ниетті емес екенін хабарлаған.

Билек Қазақстан құрамасына 2019 жылы келді. Оның басшылығымен ұлттық құрама Еуро-2020 турнирінің іріктеу кезеңінде өз тобында Бельгия, Ресей, Шотландия және Кипрден артта қалып, бесінші орынға ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттар лигасының алтыншы туры аясында Қазақстан - Литва матчы ертең, 18 қарашада Алматыда өтеді. Албаниядан жеңілгеннен кейін, Билектің шәкірттері соңғы орыннан көтеріле алмаған болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу