Михал Билек: "Менің ойымша адамдардың денсаулығы жеңіске жетуден маңыздырақ"

1773

Ел чемпионаты 24 шілде басталуы мүмкін деген ақпарат бар. Осы орайда "Астана" футбол клубының бас бапкері Михал Билек арнайы сұхбат беріп, команданың дайындығы туралы пікірімен бөлісті, - деп хабарлайды "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі.

Михал Билек: "Менің ойымша адамдардың денсаулығы жеңіске жетуден маңыздырақ"

- Біз қазір өте қиын жағдайда тұрмыз. Команда соңғы уақытта толық құрамда бірде бір жаттығу өткізген жоқ. Төрт адам пневманиямен ауырып, жаттығу жасауға мүмкіндіктері болмады. Біз олардың қатарға қайта қосылғанын күтудеміз. Біздің стадионымыз әлі де дайын емес. Сондықтан жаттығу кестесін әртүрлі уақытқа өзгертіп отырға тура келеді. Бұл өте қиын. Оған қоса негізгі құрамның төрт ойыншысы COVID-19 сынамасына тест тапсырып, оларда оң нәтиже көрсетті. Мені алаңдататыны оларда аурудың сипмтомсыз түрі және олар осы уақытқа дейін командамен бірге жаттығу жұмыстарын жасады. Яғни, қазіргі таңда аурудың ойыншылар мен клуб әкімшілігі арасында таралу ықтималдығы өте жоғары.

- Олардың есімдерін сұраған әбестік болар. Бірақ команда үшін ол ойыншыларсыз маусымды бастау қаншалықты қиын болмақ? 

- Пневмания мен коронавирус анықталған 8 ойыншының барлығы негізгі құрамның футболшылары. Бұл біз үшін өте қиын жағдай. Оған қоса ауру команда ішінде таралатын болса, онда біз жаттығу жиындарына жиі қосатын жас футболшыларды да ауыртып алуымыз мүмкін. Шынын айтсам, қазір футболды ойлайтын уақыт емес. Адамдардың денсаулығы маңыздырақ. 

- Осы жағдайларды ескере отырып, Чемпионаттың қайта жалғасуына қалай қарайсыз? 

- Мен біздің Лиганың алға қойған мақсатын өте жақсы түсінемін. Олар осы күнтізбелік жылда маусымды аяқтағылары келеді. Бірақ, біз маусымды қайта жалғастыру арқылы футболшылардың денсаулығына қауіп төндіріп аламыз. Бұл ауру команда ішінде өте тез таралып жатыр. Біз өз командаластарымыздан бөлек, басқа клубтағы әріптестерімізді, ойынға қатысы бар жандарға ауруды жұқтырып алуымыз мүмкін. Мен осыған дейін "Астана" басшылығымен сөйлестім және олар менің қазір маусымды қайта жалғау дұрыс емес деген пікірімді толықтай қолдайды. 

- Егер маусым қайта жалғасып, Ресейдегідей сау ойыншылармен ойнау міндеттелсе, бұл қаншалықты дұрыс болмақ? 

- Қосалқы құрам ойыншыларымен және барлық командалар бір қалада жиналып ойнайтын болса, бұл жағдай Чемпионаттың барлық спорттық принципін бұзады деген ойдамын. Бұл жерде бізге мына бір жағдайды түсіну қажет: таразының бір жағында чемпиондық атақ тұрса, екінші жағында адамдардың денсаулығы жатыр. Кімге не маңызды екенін әркім өзі шешуі қажет. Менің ойымша, жеңістер мен титулдардан қарағанда, адамдардың денсаулығы әлдеқайда маңызды. 

- Егер үзіліс қайта созылған жағдайда, команда маусымды қыста немесе 2021 жылы аяқтауға дайын ба? 

- Егер ол уақытқа дейін аурудың таралуы бәсеңдесе, бұл тығырықтан шығатын тағы бір жол болары анық. Қостанайда футбол ойнауға өте жақсы мүмкіндік беретін манеж бар. Одан бөлек, жақын уақытта "Астана Арена" стадионындағы жөндеу жұмыстары аяқталады деген үміттемін. Сондай-ақ қазан-қараша айларында еліміздің оңтүстігінде футбол ойнауға мүмкіндік бар. Сондықтан, оқиға осындай жағдайда өрбуі мүмкін. Бұл қисынға келетін жағдай. 

- "Астана Арена" туралы айтып қалдыңыз. Еліміздің ең басты стадионына Сіздер қашан ораласыздар? 

- Ол жақтағы жағдай біздің командада болып жатқан дүниемен өте ұқсас. Жұмысқа жауапты адамдар ауырып қалып, ол қосымша қиындықтар әкелуде. Мен басшылықпен сөйлестім. Олар бұл жағдайды реттеуге мүлде қауқарсыз. Бізге стадиондағы жөндеу жұмыстары 15 тамыз аяқталады деген жаңа күнді айтқан болатын. Жақын уақытта біздің бұл мәселеміз шешіледі деп үміттенемін.

Ермұхамед Мәулен

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу