Еліміздің бас командасының жыл соңына дейін өткізетін тек үш матчы қалды. 11 қарашада Подгорицада қазақстандықтар Черногория құрамасымен жолдастық кездесу өткізсе, 15 қарашада Билектің шәкірттері Албания құрамасымен биылғы жылдың соңғы туры алдында қонақта болады. Ал 18 қараша Литва құрамасымен Ұлттар лигасының осы маусымдағы соңғы матчын өткізу үшін Алматыға оралады.
Соңғы екі ойын С дивизионының төртінші тобының кестесінде Қазақстан командасы үшін шешуші болды. Қазір төрт ұпаймен Қазақстан Ұлттық құрамасы өз тобында соңғы орында тұр. Жеті ұпаймен Беларуссия командасы көш бастаса, Литва мен Албания құрамалары 5 ұпаймен екінші және үшінші орындарға жайғасты. Сондықтан теориялық тұрғыдан алар болсақ екі турдан кейін бұл топта барлық нәрсе өзгеруі мүмкін.
Бірақ, топ көшбасшысы болу үшін Қазақстан құрамасы қалған екі кездесуде де жеңіске жетуі керек және сонымен бірге, беларустар Литва мен Албанияға қарсы өткізетін екі кездесуде жеңілуі тиіс. Қазақстан командасы бұл матчтарға дайындықты 9 қарашада бастайды. Ал бүгін Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында осы ойындарда алаңға шығатын ойыншылардың кеңейтілген тізімі жарияланды. Бұл тізімдегі екі футболшы - "Астаның" қорғаушысы Юрий Логвиненко мен қостанайлық "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықов Ұлттар лигасының ойындарына құрамаға биылғы маусымда алғаш рет алаңға шығайын деп отыр.
Негізгі құрам:
Қақпашылар: Стас Покатилов ("Қайрат"), Дмитрий Непогодов ("Астана"), Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз");
Қорғаушылар: Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі де - "Қайрат"), Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (екеуі де - "Астана"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Ян Вороговский ("Беерсхот", Бельгия), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де - "Тобыл"), Александр Марочкин ("Қайсар"), Олжас Керімжанов ("Жетісу"), Тимур Досмағамбетов ("Ордабасы");
Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан ("әл-Айн", БАӘ), Бактиёр Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат ("Химки", Ресей), Айбол Әбікен ("Қайрат"), Асхат Тағыберген, Думан Нәрзілдаев (екеуі де - "Қайсар"), Владислав Васильев ("Рух", Беларусь), Серікжан Мужиков ("Тобыл");
Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Қайрат"), Алексей Щёткин ("Астана"), Максим Федин ("Қайсар"), Сергей Хижниченко ("Ордабасы");
Қосалқы құрам:
Қақпашылар: Владимир Плотников ("Ордабасы"), Игорь Шацкий ("Тобыл"), Данил Устименко ("Қайрат");
Қорғаушылар: Дмитрий Шомко ("Астана"), Александр Соколенко ("Қызыл-Жар"), Виктор Дмитренко ("Ордабасы");
Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух ("Астана"), Аслан Дарабаев ("Жетісу"), Азат Нургалиев ("Тобыл"), Еркебулан Тұңғышбаев ("Қайрат");
Шабуылшылар: Айбар Жақсылықов ("Жетісу"), Тоқтар Жаңғылышбай ("Ордабасы"), Бауыржан Тұрысбек ("Тараз"), Роман Муртазаев, Оралхан Өміртаев (екеуі де - "Тобыл"), Артур Шушеначев ("Қайрат").
Бас бапкер: Михал Билек
Ермұхамед Мәулен