Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Ұлттар лигасында еліміздің құрамасының Беларуссияға қарсы ойыны (1:2) туралы пікір білдірді.
- Бұл кездесуде жеңіліс тапқанымыз өкінішті. Тең ойын жақсы нәтиже болар еді. Бірінші таймда алаңның ортасында қиындықтар туындады. Сондықтан ойын жүйесін 3-5-2-ге ауыстыруды жөн көрдік. Осы сәтте біз бірінші гол жағдайында қателестік. Бірақ содан кейін ойынымыз жақсарды. Біз гол салдық және тағы бір гол соғамыз деп сендік. Бірақ соңында қателесіп, жеңіліп қалдық. Өкінішке орай ойыншылардың физикалық күші жетпесе де, олардың алаңда барын салғаны көрініп тұрды.
- Зайнутдинов жарақатына байланысты қосалқы құрамда қалды ма?
- Иә, солай болды. Ол Литвамен болған ойында жарақат алды. Кеше матч алдындағы жаттығуда ойнай алмайтынын айтты. Сондықтан ол ойнаған жоқ.
- Сүйімбаев, Әліп, Покатилов бір клубта ойнайды және командалық жұмысы жақсы. Бірақ соңында олар қателік жіберді. Бұл туралы не айта аласыз?
- 90 минут бойы өте жақсы деңгейде жұмыс жасаған ойыншы қателік жіберді. Бұл футбол, ондай жағдай болып тұрады.
- Литва құрамасының ойынын Беларуссия құрамасымен салыстырдыңыз ба?
- Мұндай матчтан кейін қарсылас туралы айту қиын. Кездесуде олар жақсы түсінісіп, допты ұзақ ұстап, өте жақсы футбол көрсеткен сәттер болды. Литвадағы ойында біз үлкен күш жұмсағандықтан, бұл матч ауырға соғатынын білдім.
- Біздің команданың жартылай қорғанысына көңіліңіз тола ма? Әбікенді клубтағы ойын тәжірибесі аз бола тұра және номиналды қорғаушы болып саналатын Бейсебековті таңдауыңыздың себебі неде?
- Мен мұнда жұмыс істегеніме бір жарым жыл болды. Бұрын алаңның ортасында Меркель немесе Жуков ойнаған. Қазір екеуі де жоқ. Қуат әлі күнге дейін клубсыз жүр. Әбікен өзінің клубында кейбір матчтарда ойнайды, кейбірінде ойнамайды. Бірақ ол өзін жақсы жағынан көрсетті. Ол әлі жас және осы командада ұзақ жылдар ойнайтын болады. Бейсебеков бұл позицияда ойнады. Өйткені Перцух Литваға қарсы ойында өнер алаңға шыққан. Мен ойыншының сергек болғанын қаладым.
Ермұхамед Мәулен