Михал Билек: "Үш ұпай алуға мүмкіндігіміз бар"

1457

Кешегі матчта "Астананың" бірде-бір ойыншысы алаңға шыққан жоқ.

Михал Билек: "Үш ұпай алуға мүмкіндігіміз бар"

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек УЕФА Ұлттар лигасының алдағы Беларуссияға қарсы ойыны туралы пікір білдірді.

- Зайнутдиновтың жағдайы қалай? Ол ертең ойнай ма?

- Біз әлі білмейміз. Бахтиердің ойнайтыны туралы кешкі жаттығудан кейін айта аламыз. Тағыберген Литвамен матч алдында алған жарақатына байланысты Ұлттық құраманың орналасқан жерінен кетіп қалды.

- Ертеңгі матчтан қандай үміт күтесіз?

- Бүгін біз Беларуссияның Албанияға қарсы ойынын (0:2) тамашаладық. Литвадағы алғашқы ойында жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымын. Бұл біз үшін өте маңызды ойын болды. Ертең қиын кездесу өтеді, өйткені жеңілістен кейін Беларуссия жеңіске жетуге тырысады. Егер біз Литваға қарсы матчтағыдай ойнасақ және дайындалатын болсақ, онда бізде 3 ұпай алуға мүмкіндік бар деп ойлаймын.

- "Астананың" ойыншылары ертең негізгі құрамда шыға ма?

- Матчқа бар күшін салып, жүрегімен ойнайтын ойыншылар шығады. Біз үшін қай клуб ойыншыларының ойнайтыны маңызды емес, бастысы нәтиже керек.

Кездесу 7-қыркүйек Алматы қаласының "Орталық стадионында" Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:00-де басталады.

Ұлттар Лигасы ойындарының алғашқы турында Қазақстан сырт алаңда Литваны 2:0 есебімен ұтқан болатын. Нәтижесінде еліміздің құрамасы 3 ұпаймен 4-топтың С дивизионында 2-орынға жайғасты. Ал литвалықтар соңғы орында тұр. Беларуссия өз алаңында Албанияға 0:2 есебімен ұтылып, 3-орында келеді. Ал Албания құрамасы төрттіктің көшін бастады.

Ермұхамед Мәулен



 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу