Милад Карими 2025 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

538

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Милад Карими 2025 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Осы додада қазақстандық Милад Карими еркін жаттығудан күміс жүлде еншіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сайыс барысында төрешілер тарапынан оған 14.400 ұпай берілді. Бұл Миладтың 2-орын алуына мүмкіндік туғызды. 

Айта кетейік, Милад Карими 1999 жылы дүниеге келген. 2023 жылғы әлем чемпионатында еркін жаттығудан қола жүлдегер болса, Азия чемпионатында бірнеше мәрте жеңімпаз және жүлдегер атанды. 

1-орынға 14.600 ұпаймен Карлос Юло (Филиппин) жайғасса, үздік үштікті 14.033 баллмен Мун Гын Ён (Оңтүстік Корея) түйіндеді.

Сондай-ақ, ел құрамасынан Дмитрий Патанин (13.833 балл) жүлдеге қол созым қалып, медаль бұйырмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу