Қатар астанасы Дохада өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар еркін жаттығулар бойынша жүлделі үш орынның екеуін иеленді.
Милад Карими 14.466 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алса, Алтынхан Темірбек 13.633 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Қола медальді 13.600 ұпаймен Ұлыбритания өкілі Сэм Мастоуфи жеңіп алды.
Еркін жаттығулар финалында тартыс өте жоғары деңгейде өтті. Сэм Мастоуфи 13.600 ұпай жинап, күмістен небәрі 0.033 ұпайға қалып қойды.
Финалға Қытай, Жапония және Түркия спортшылары да қатысты. Алайда бұл жолы жүлделі орындарға жете алмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу