Әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими Мажарстанның Сомбатхей қаласында өткен спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Ол керме жаттығуында финалда 14.750 балл жинап, бірінші орынға ие болды. Екінші орында – колумбиялық Анхель Барахас (14.650), үшінші орында – чилилік Лучиано Летелиер (14.250).
Осылайша, Қазақстан жарысты екі алтын медальмен аяқтады. Бұған дейін Дмитрий Патанин еркін жаттығуда топ жарған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу