Бүгін, 24 шілде Токиодағы Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан іріктеу кезеңі өтті. Қазақстандық Милад Карими бірден үш финалға жолдама алды.
Милад гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Бұдан бөлек еркін жаттығуда 8-ші нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Сондай-ақ, көпсайыс бойынша 20-шы сатыға тұрақтап, Токио Олимпиадасының финалдық кезеңіне өтті.
Осылайша, қазақстандық гимнаст үш финалда бақ сынайды. Көпсайыстан финалдық жарыс 28-шілдеге, еркін жаттығудан финалдық бәсеке 1-тамызға, гимнастикалық кермедегі финал 3-тамызға жоспарланған.
Ермұхамед Мәулен
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу