"Милан" клубы мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич мансабын аяқтауы мүмкін

449

Бұл туралы инсайдер Никола Скира мәлім етті.  

"Милан" клубы мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич мансабын аяқтауы мүмкін Фото: bel.football

"Милан" клубы мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін кәсіби футболдағы мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Tuttosport басылымы 40 жастағы футболшының маусым айының соңына дейін "Миланмен" келісімшартын ұзартуды жоспарламай отырғанын хабарлаған.

2026 жылғы әлем чемпионатында Хорватия құрамасы L тобында Англия, Гана және Панама құрамаларымен кездеседі.

Модрич 2018 жылы "Алтын доп" иегері атанып, әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған. Ал Реал Мадрид сапында алты рет Чемпиондар лигасын, төрт рет Испания чемпионатын, екі рет Испания Кубогын, Испания Суперкубогын, УЕФА Суперкубогын және ФИФА клубтық әлем чемпионатын бес рет жеңіп алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу