Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында 11 ақпан, сәрсенбі күні Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары үш спорт түрінен сынға түседі.
14:00 – Шаңғы қоссайысы (кіші трамплин / 10 шақырым шаңғы жарысы) – Шыңғыс Рақпаров.
Финал – 17:45.
15:00 – Фристайл– могул (әйелдер).
Финал – 18:15.
Қатысушылар: Аяулым Әміренова, Юлия Галышева, Анастасия Городко.
18:15 – Биатлон, жекелей жарыс (әйелдер).
Қатысушылар: Айша Рақышева, Милана Генева.
Жарыстарды Qazaqstan, Qazsport, Khabar және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирде тамашалуға болады.
Олимпиада ойындарының медеальдық кестесінде Норвегия құрамасы 1-орында келеді – 6 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль. Германия құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен 2-орынға көтерілді. Швеция құрамасы үздік үштіктегі орнын сақтап қалды – 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль.