Милан-Кортина Олимпиадасы: 16 ақпанда қазақстандық спортшылар 3 спорт түрінен сынға түседі

103

Бүгін спортшыларымыз тау шаңғысы, шорт-трек және шаңғымен тұғырдан секіруден сынға түседі.

Милан-Кортина Олимпиадасы: 16 ақпанда қазақстандық спортшылар 3 спорт түрінен сынға түседі

Бүгін Милан-Кортина Олимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары бірнеше сайыс түрі бойынша бақ сынайды. Жанкүйерлерді тартысты дода күтіп тұр.

Алдымен сағат 14:00-де тау шаңғысы спорты бойынша ерлер арасындағы слалом жарысында Ростислав Хохлов сынға түседі. Бұл шеберлік пен дәлдікті талап ететін күрделі бағдарлама.

15:18-де шорт-тректен ерлер арасында 500 метр қашықтықта медальдар сарапқа салынады. Қазақстан намысын Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша қорғайды. Қысқа қашықтықтағы бұл бәсеке жылдамдық пен тактиканы ұштастыра білуді қажет етеді.

Бүгінгі күннің қорытынды бәсекесі сағат 23:00-де өтеді. Шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасындағы командалық сайыста Илья Мизерных пен Данил Васильев ел намысын қорғайды. Командалық жарыста әр ұпай шешуші рөл атқарады.

Айта кетейік, барлық жарыстар Астана уақытымен көрсетілген. Тікелей эфир Qazaqstan, Qazsport, Khabar және Jibek Joly телеарналарында көрсетіледі.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу