Бүгін, 12 ақпан күні Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары бірнеше спорт түрінен сынға түседі.
Сағат 15:30-да тау шаңғысынан супергигант бәсекесі басталды. Әйелдер арасында Александра Скороходова жарыс жолына шықты.
Естеріңізге сала кетейік, Александра Скороходова қаңтар айында Поцца-ди-Фасса қаласында жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған болатын.
16:15-те фристайл-могулдан ерлер арасындағы финалда Павел Колмаков жүлде үшін таласады.
17:00-де шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы жекелей сайыс бастау алады. Бұл додада Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник және Дарья Ряжко ел намысын қорғайды.
Кешкі 20:30-да конькимен жүгіруден 5000 метр қашықтықта әйелдер арасында Надежда Морозова жарыс жолына шығады. Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз 3000 метрде сынға түсіп, 6-нәтиже көрсеткен болатын. Сондай-ақ 1000 м қашықтықта да өнер көрсетті.
Жарыстарды Qazaqstan, Qazsport, Khabar және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирде тамашалуға болды.