Милан-Кортина Олимпиадасы: канадалық хоккейшілер олимпиадалық қалашықтан кетіп қалды

111

Канадалық хоккейшілер бес жұлдызды қонақүйге орналасты. 

Милан-Кортина Олимпиадасы: канадалық хоккейшілер олимпиадалық қалашықтан кетіп қалды

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Италияға келген Канада хоккей құрамасы олимпиадалық қалашықтан бес жұлдызды қонақүйге көшті. Команданың жаңа қонақүйдегі тұру шығындарын Ұлттық хоккей лигасы (НХЛ) мен Лига ойыншылары қауымдастығы өтегенін Sportsnet хабарлады.

Бұл шешім турнирге тыңғылықты дайындалып, алтын медаль жеңіп алу үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылданған.

Әлеуметтік желілерде канадалықтардың бұл қадамы түрлі пікір туғызды. Сын айтушылар хоккейшілер өзін Олимпиада дәстүрлерінен жоғары қойды деп есептейді. Олимпиадалық қалашықта спортшыларға бір орындық кереуеті бар қарапайым пәтерлер, құрал-жабдық сақтайтын орын, душ, тегін Wi-Fi және тәулік бойы жұмыс істейтін ортақ асхана ұсынылады.

Канада құрамасы Олимпиада-2026 хоккей турниріндегі алғашқы матчын 12 ақпанда Чехия құрамасына қарсы өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал 13-ақпаннан 14-ақпанға қараған түні 1:10-де Швейцария құрамасымен кездеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу