Михаил Ломтадзе "Жеңіс" клубын сатып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Ломтадзеге бастапқыда "Каспий" ұсынылды, бірақ ол Астанада академия салғысы келетінін айтып, "Жеңіс" клубын таңдады. Егер академияны Ақтауда салатын болса, "Каспийді" сатып алар еді. Соның нәтижесінде ол "Жеңіс" клубын алып, академияны осында салады, – деді Нұрсұлтан Құрман.
Айта кетейік, Ломтадзе осылайша астаналық "Жеңістің" иесі болып отыр. 2024 жылы ол ағылшындық "Уиком Уондерерс" клубының 90 пайыз акциясын иеленді. Команда Лига 1-де доп тебеді, бұл – Англиядағы футбол лигалары жүйесіндегі үшінші дивизион. Forbes журналының мәліметінше, М.Ломтадзенің байлығы 3,9 миллиард доллардан асады.