Америкалық теннисші Мэдисон Киз өзінің алғашқы "Үлкен дулыға" турниріндегі жеңісіне қол жеткізіп, 2025 жылғы Australian Open турнирінің чемпионы атанды.
Финалдық матчта ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенканы 6-3, 2-6, 7-5 есебімен жеңді.
"Таз ашуын тырнадан алады" демекші жеңілістен кейін "кейбір" теннисшілердің бар ашуын ракеткадан алатыны бар емес пе? Бүгін Арина Соболенка да ракеткасымен жер тоқпақтап қалды.
Турнир барысында Киз ерекше ойын көрсетіп, Элина Свитолина мен Ига Швентек сияқты жер шарының ең үздік теннисшілерін де тізе бүктірді.
Оған бұл жеңіс 1 млн 968 мың 500 АҚШ доллар сыйақыдан бөлек әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілуге мүмкіндік берді.