Министр іскерлік белсенділікті қалпына келтіру бойынша ұсыныс жасады

Ұсыныста айтылған шаралар орталық және жергілікті атқарушы органдарға бағытталады.  

Министр іскерлік белсенділікті қалпына келтіру бойынша ұсыныс жасады

Үкімет отырысында еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов іскерлік белсенділікті қалпына келтіру бойынша бірқатар ұсыныс айтты.  Министр алты бөлімнен тұратын шараларға, әсіресе, орталық және жергілікті атқарушы органдар назар аударуы қажет екенін атап өтті. 

"Біріншіден, өңірлік тұрақтандыру қорларын пайдалану арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының маусымдық өсуіне жол бермеу керек. Екіншіден, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыста қол жеткізілген өсу қарқынын төмендетпеу. Үшінші, жергілікті атқарушы органдардың инвестициялық жобалар пулын сапалы іске асыру. Төртінші, дағдарысқа қарсы шаралар бойынша қаражаттың тиімді игерілуін және жыл қорытындысы бойынша өсудің нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету. Бесінші, жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде тұрақты жұмыс орындарының үлесін ұлғайту. Алтыншы, экономикаға қаражатты жылдам тарту үшін келесі жылға арналған рәсімдерді дайындау", – деді Руслан Дәленов. 

Бұған қоса министр ел өңірдеріндегі экономикалық көрсеткіштерге тоқталды. 

"Аймақтарда 7 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдайға тоқталсақ, 5 көрсеткіш бойынша 11 өңірде өсу байқалады. Олар Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары. 1-2 көрсеткіш бойынша ғана өсу байқалған өңірлер қатырында Қызылорда, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бар", – деді министр. 

Ал сауда бойынша көрсеткіштер 2 өңірде жақсарып келеді. Олар Нұр-Сұлтан (+2,5%) және Шымкент (+1,1%) қалалары. Осы орайда еліміздің қаржы орталығы Алматы қаласы артта қалса керек. Себебі сауда саласы жақсы дамыған мегаполис көрсеткіштер бойынша оң аймақтағы өңірлер тізімінен табылмады. 

Құралай Құдайберген


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу