Министр, мұғалім, ақын және экс-прокурор: ОСК "Әділеттің" партиялық тізімін тіркеді

1478

Тізімге 186 адам енді, олардың орташа жасы – 45. 

Министр, мұғалім, ақын және экс-прокурор: ОСК "Әділеттің" партиялық тізімін тіркеді

Бүгін, 21 шілде күні Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін тіркеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Тізімге 186 адам енді, олардың орташа жасы – 45.

Кандидаттардың қатарында заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және қоғамдық қызмет салаларының өкілдері бар. 

Еске сала кетсек, "Әділет" партиясы 2026 жылы 1 маусымда ресми тіркеліп, кейін Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін жариялаған еді. 10 шілдеде өткен кезектен тыс III Съезде партия 186 кандидаттан тұратын партиялық тізімді ұсынып, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бұл – партияның Парламент сайлауындағы алғашқы саяси додасы. Парламент сайлауы 23 тамызда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу