Министр Жаслан Мәдиев Павел Дуровқа қолдау білдірді

859

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Францияда бірқатар қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған Павел Дуровқа қолдау білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Министр Жаслан Мәдиев Павел Дуровқа қолдау білдірді Фото: Жаслан Мәдиев

Сенбі күні Павелдің француз билігімен контент модерациясының жоқтығы және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықтан бас тартқаны үшін ұсталғаны хабарланды.

"ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі атынан Telegram командасымен өзара әрекеттесудің оң тәжірибесі қалыптасқанын атап өткім келеді. Біз дербес деректердің таралуын, есірткі трафигімен күрес және мессенджердегі басқа да заңсыз әрекеттерді тоқтату бойынша мәселелерді бірнеше рет сәтті әрі жедел шештік. Telegram командасы әрдайым азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастыққа дайын, құпиялылық пен сөз бостандығын қорғау қағидаттарына адал болып келеді", - деді Жаслан Мәдиев. 

Қазақстанда Telegram – ең танымал мессенджер, оны 12 миллионнан астам адам пайдаланады, бұл оның қоғамымыз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. 

Сонымен қатар Павел Дуров Қазақстанға өткен сапарында қазақстандық ауыл балаларына қолдау көрсетуге бағытталған "IQanat" жобасының қамқоршыларының бірі болып, $365 000 сомасына 12 грант бөлген. Ол тек қаржы бөлумен шектелмей, оқу процесін зерттеуге, балаларды іріктеуге, олардың өмірбаяны мен мектептегі үлгерімін зерделеуге тікелей қатысқан.

"Мен Павелдің командасына балалардың дамуына шын көңілмен қызығушылық танытып, жанашырлық танытқаны үшін ризамын", - деп қортындылады министр

Еске сала кетейік, бұған дейін Павел Дуровтың бірқатар қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Францияда ұсталғаны туралы хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу