Министрлер "жанып тұрған" мәселесін депутаттар арқылы шешіп қалуды ойлайды – Ерлан Қошанов

1588

"Үкіметтің көбінесе мерзім жақындаған кезде белсенділігі арта бастайды". 

Министрлер "жанып тұрған" мәселесін депутаттар арқылы шешіп қалуды ойлайды – Ерлан Қошанов

Бүгін Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы болды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, Парламент пен Үкімет бірлесіп "тиімді" жұмыс істеді, алайда заң шығару процесіне "теріс әсер ететін жекелеген кемшіліктерді" атап өткен жөн. 

Жүйелі кемшіліктердің бірі – дұрыс жоспарламау, заң жобаларының жеткілікті пысықталмауы және дайын болмауы, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Үкіметтің көбінесе мерзім жақындаған кезде белсенділігі арта бастайды. Мұны, әдетте, жылдың немесе сессияның соңында байқауға болады", – дейді Қошанов.

"Министрлер депутаттар арқылы өздерінің "жанып тұрған" мәселелерін шешіп қалғысы келетін жағдайлар да бар. Бұл Мәжілісте де, Сенатта да қаралу сатысында кездеседі. Осының салдарынан Мәжіліс мақұлдаған заң жобасын Сенат  түзетулермен қайтаруға мәжбүр болады. Көп жағдайда бұл жаңа түзетулер – Мәжілісте ұсынылмаған және талқыланбаған нормалар болып келеді", – деп үстеді Қошанов.

Оның айтуына қарағанда, заң жобаларын сапасыз дайындау және сараптамаларды уақытылы жүргізбеу Мемлекет басшысы алға  қойған міндеттерді іске асыруға кедергі келтіруі мүмкін. 

"Заң жобаларын Парламенттің қос Палатасында таныстыру кезінде жекелеген министрліктер мен ведомстволар баяндамашыларының дайындығы жеткіліксіз болатын жағдайлар да кездеседі. Заң жобалары мен сараптамалардың сапасын бағалау алдағы уақытта да Парламенттің ерекше бақылауында болады", – деп түйіндеді Мәжіліс төрағасы.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу