Министрліктер Президент тапсырмаларының орындалуы бойынша есеп берді

367

Басқосуда жауапты министрліктер басшылары мен Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері баяндама жасады.

Министрліктер Президент тапсырмаларының орындалуы бойынша есеп берді Фото: aqorda.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің IV Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жиын өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бурабайдағы Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар бойынша заң жобаларын, "Қазақстан балалары" бағдарламасын, ішкі саясат саласындағы концептуалдық құжатты әзірлеу, сондай-ақ өңірлерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелеріне айрықша мән берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай аясындағы тапсырмаларының орындалуы Президент Әкімшілігінің бақылауында болады.

Олардың жүзеге асырылу барысы бойынша жиналыс тұрақты түрде өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу