Младенов "Қайсарды" маусым соңына дейін жаттықтырмауы мүмкін

1221

Одан бөлек біраз ойыншылардың да келісім-шарттары екі аптадан кейін аяқталады.

Младенов "Қайсарды" маусым соңына дейін жаттықтырмауы мүмкін

"Қайсар" футбол клубының бас бапкері Стойчо Младенов командада 2020 жылғы маусымның соңына дейін жұмыс істеуден бас тартты.

Болгар маманының қызылордалық клубпен келісім-шарты 15-қарашаға дейін жарамды. Пандемияға байланысты Қазақстан чемпионаты ұзаққа созылып, 2 желтоқсанда аяқталатын болды. Бірақ Младенов "Қайсар" тізгінінде белгіленген уақыттан артық қалғысы келмейді. Күнтізбеге сай "Қайсар" 15-қарашадан кейін тағы төрт ойын өткізуі керек.

Младеновке осы екі аптада клубта қалу ұсынылған. Бірақ ол алған бетінен қайтпай отыр. Тіпті қызылордалық клуб төлейтін аса қомақты жалақы да оны райынан қайтара алмайтын секілді.

Сондай-ақ, бас бапкермен бірге бірнеше шетелдік ойыншының да келісім-шарт мерзімі қараша айында аяқталады. Олар: қорғаушы Иван Граф, жартылай қорғаушы Кларенс Битанг және шабуылшылар Александр Станисавлевич, Алвин Фортес, Режиналдо, Александар Колев және Элгуджа Лобжанидзе. Демек "Қайсар" маусымды бапкерсіз ғана емес, шетелдік ойыншыларсыз да аяқтауы мүмкін.

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Қайсар" 14 ойында 20 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орында тұр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу