Мобильді аударымдар: 2023 жылдан бастап тек шенеуніктер туралы ақпарат беріле бастайды

2535

2023 жылдан бастап банктер салық органдарына тек шенеуніктердің ақша аударымдары туралы ғана ақпарат бере бастайды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер салық декларациясын тапсыруға міндетті.

Мобильді аударымдар: 2023 жылдан бастап тек шенеуніктер туралы ақпарат беріле бастайды

2022 жылдың 15 сәуірінде жалпыға бірдей декларациялаумен қатар бірнеше жыл бойы кезең-кезеңімен жүзеге асатын, салық органы кәсіпкерлік қызметтен табыс алатын адамдар туралы ақпарат сұрап, тексеретін заң күшіне енді.

Мәліметтерді беру тек 2023 жылы басталады және тек қана мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлерге қатысты. Мәліметтер үш ай қатарынан әртүрлі адамдардан айына 100-ден астам аударым алса ғана беріледі.

2024 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер мен компания басшылары қосылады (2023 жылға дейін Қазақстанда жеке кәсіпкерлер салықтан босатылған).

2025 жылдан бастап – тұтынушылардың басқа санаттары.

Достарыңыз бен туыстарыңыздан аударым алсаңыз, алаңдаудың қажеті жоқ. Банк құпиясының талаптарына сәйкес, мұндай аударымдар туралы туралы деректер салық органдарына қазір де, кейін де берілмейді. Дәл қазіргідей жеке мақсатта аударым қабылдап, жібере аласыз.

Салық туралы қосымша ақпаратты Egov-тың 1414 бірыңғай байланыс орталығынан анықтауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу