Жеке тұлғалардың аударымдарына салық салынбайды

2775

Банктер алдағы 2023 жылы тек шенеуніктердің ақша аударымдары туралы ақпаратты салық органдарына бере бастайды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер салық декларациясын тапсыруға міндетті болады.

Жеке тұлғалардың аударымдарына салық салынбайды

Бұл ретте, салық органдарына барлығының аударымдары емес, тек аударымдар саны белгілі бір көлемнен асатын тұлғалар туралы ғана деректер жіберіледі. Бұл көлем әлі талқылануда.

Қазақстандықтардың көпшілігінің мобильді аударымдары туралы ақпарат 2026 жылға дейін берілмейді. Жаңа ережелер кірістерді жалпыға бірдей декларациялауды енгізумен қатар кезең-кезеңімен енгізіледі, мұны өзінің кірісі туралы салықтық ақпаратты ұсыну дегенмен қатар қарастыруға болады.

Жалпыға бірдей декларацияны, оның ішінде ақша аударымдары туралы ақпаратты енгізу келесі кестеге сәйкес жүзеге асырылады:

I кезең. 2023 жылы мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және жұбайлары үшін. 2022 жылғы операциялар мен кірістері туралы деректер беріледі.

II кезең. 2024 жылы бюджеттік сала қызметкерлері және олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары үшін. Деректер 2023 жылғы операциялар мен кірістері туралы деректер беріледі.

III кезең. 2025 жылы заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары үшін. 2024 жылғы операциялар мен кірістері туралы деректер беріледі.

IV кезең. 2026 жылы халықтың қалған барлық санаттары үшін. 2025 операциялары мен кірістері туралы деректер беріледі.

Жеке тұлғалардың аударымдарына салық салынбаған және салынбайды да.