Модернизациялауға млрд доллар жұмсамақшы

Бек Темір Бек Темір
2265

Екібастұз  МАЭС-1 кәсіпорнындағы екінші энергоблокқа жүргізілген жаңғырту жұмыстарынан кейін электр энергиясын өндіру көлемі 7 пайызға артты. 

Модернизациялауға млрд доллар жұмсамақшы

Әрқайсысының өндірістік қуаты  500 МВт құрайтын сегіз энергоблоктан тұратын Екібастұз қаласындағы "Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1" ЖШС-ға елімізде өндірілетін электр энергиясының 17%-ы тиесілі. Жақында аталмыш кәсіпорындағы екінші энергоблокта жүргізілген модернизациялаудың кешенді шарасы аяқталып, өндірістік қуаты арта түсті. Бұдан былай өндіріс орны қалыпты көлемде отын пайдалана отырып, электр энергиясын 7%-ға артық өндіретін болады. Жаңарту жұмыстарына 61 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Аталмыш кәсіпорындағы бас директордың міндетін атқарушы Александр Черепениннің сөзіне қарағанда, құрал-жабдықтарды жаңартып, өндіріс тиімділігін арттыруға тарифтерді көтерудің көмегі көп тиген. Жалпы МАЭС-1 кәсіпорнында модернизациялау жұмысы 2005 жылы басталған. Ал екінші энергоблоктағы қайта қалпына келтіру жұмысы сол кешенді шараның нүктесін қойып отыр. Модернизациялау жұмысының ерекшелігі экономикалық шамаларын есепке ала отырып, арнайы МАЭС-1 үшін дайындалған турбинаны іске қосу болып табылады. Бір атап өтерлігі, мұндай турбина Қазақстанның басқа электр энергиясын өндіретін кәсіпорындарында жоқ.

Жаңғырту жұмысын жүргізу барысында қоршаған ортаға тигізетін кері әсер шамаларын төмендету де мүмкін болып отыр. Яғни энергоблок заманауи тиімділігі жоғары электрсүзгімен жабдықталған. Оның өндірістен шығарылатын күлді ұстап қалу деңгейі 99,6% - ды құрайды. Бұл зауыттың экологиялық талаптарға деген жауапкершілігі деп бағалаған абзал. Сонымен қатар станцияда Ресей, Корея, Америка және Қазақстанның  технологиялар жиынтығы пайдаланылады.

МАЭС-2  еліміздегі қатты отын тұтынып жұмыс істейтін ең ірі станция болып табылады. Оның өндірістік қуаттылығы 4 мың МВТ-ты құрайды. Сонымен қатар ол әлемдегі 3500 МВт ағымдағы қуатты  ірі көмір электр станциясының бірі болып саналады. Бұл электр энергиясын эскпорттауға жайлы жағдай туындатып отыр. Қазір кәсіпорын Ресей тұтынушыларына электр қуатын экспортқа шығаруда. Бүгінгі күні ол солтүстік көршілерімізді 800 МВТ электр энергиясымен қамтамасыз етуге қауқарлы.

Кәсіпорын басшылығы алдында бірінші энергоблоктың жобалық қуаттылығын қайта қалпына келтіріп, тоғызыншы және оныншы блоктардың құрылысын бастау мақсаты тұр. Жалпы кәсіпорында модернизациялау шараларына шамамен млрд доллар көлемінде қаржы құю жоспарланған.

Бек Темір, Павлодар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу