50 келі салмақта сынға түскен әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай топтық кезеңде 2 қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға өтті.
Ол Алжир өкілі Силия Уикенді 4:0, Венесуэла спортшысы Йоргелис Салазарды 3:0 есебімен жеңіп, Қытайлық Жунхуй Вангқа 0:1 есебімен жол берді.
Жартылай финалда Жаңбырбай екі дүркін Еуропа чемпионы хорватиялық Ема Сгарделлимен кездеседі. Бәсеке Астана уақытымен 13:55-те басталады.
Айта кетейік, қазақстандық спортшылардан алғашқы болып жарыс жолына шыққан Роксана Юнусова өнерін аяқтады. Ол садақ атудан 1/16 финалда эстониялық Мири-Марита Пасқа 142:146 есебімен есе жіберді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу