Молдова бокс федерациясы World Boxing ұйымының құрамына қабылданды

89

Геннадий Головкин Молдова федерациясының өтінімін белсенді түрде қолдады.

Молдова бокс федерациясы World Boxing ұйымының құрамына қабылданды

22 қаңтар күні Халықаралық World Boxing федерациясы Кеңесінің отырысында Молдова бокс федерациясын ұйымға қабылдау туралы шешім шықты. Айта кетейік, World Boxing Халықаралық Олимпиада комитеті мойындаған жалғыз халықаралық бокс ұйымы.

2025 жылдың қараша айында World Boxing ұйымының тізгінін қазіргі заманның ең ұлы боксшыларының бірі, орта салмақта барлық кәсіби бокс федерацияларының чемпиондық белбеулеріне ие, қазақстандық Геннадий Головкин қолға алған болатын. Ол Молдова федерациясының өтінімін белсенді түрде қолдады.

Сондай-ақ, бұл мәселеде Молдова бокс федерациясына салалық министрлік пен CNOS тарапынан көрсетілген қолдауды атап өткен жөн.

Осылайша, молдовалық боксшылар World Boxing ұйымдастыратын барлық халықаралық турнирлерге, соның ішінде 2026 жылдың күзінде Сенегалда өтетін Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.

Молдованың құрамға қосылуынан, сондай-ақ қаңтар айының басында Армения, Португалия және Экваторлық Гвинея федерацияларының өтінімдері мақұлданғаннан кейін, World Boxing құрамындағы ұлттық федерациялар саны 156-ға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу