Қазақстан футбол федерациясында Геннадий Скуртул балалар-жасөспірімдер, әйелдер және бұқаралық футболды, сондай-ақ Қазақстанның жасөспірімдер құрамаларын қадағалайды.
Техникалық директордың басты міндеттерінің бірі – ҚФФ академиясы базасындағы жобалар мен элиталық жасөспірімдер футболын дамыту және жан-жақты қолдау көрсету.
Сондай-ақ, UEFA-ның 2025 жылғы Бапкерлер конвенциясына сай бапкерлерге, нұсқаушылар мен мамандарға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеп, оны жүзеге асыру да негізгі басымдықтардың қатарында.
Барлық жас ерекшеліктері бойынша талантты ойыншыларды анықтап, дайындайтын тұрақты жүйе қалыптастыру маңызды бағыттың бірі болмақ.
Геннадий Скуртулдың жаттықтырушыларды оқыту және футболды техникалық дамыту саласында тәжірибе мол.
Ол Молдова мен Грузия футбол федерацияларында жаттықтырушыларды оқыту жүйесін, нақтырақ айтқанда "С" санатынан бастап UEFA-ның Жаттықтырушылар конвенциясына толық мүшелікке енгізуге дейін жұмыс істеді.
Сонымен қатар, осы жүйеге арналған барлық білім беру бағдарламаларын дайындады.
2014 жылдан бері UEFA-ның бұқаралық футбол, жаттықтырушыларды оқыту және техникалық даму мәселелері бойынша кеңесшісі болды.
Осы бағытта Болгария, Словакия, Румыния, Ресей, Беларусь, Сербия, Латвия, Литва, Грузия, Черногория, Армения, Нидерланд, Ирландия және Шотландия футбол қауымдастықтарына сараптамалық қолдау көрсетіп келеді.