Молдовамен сырт алаңда өтетін матчқа қатысатын ойыншылардың тізімі жарияланды

1861

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдовамен болатын бірінші ойынға қатысу үшін бүгін түнде Нұр-Сұлтаннан чартерлік рейспен Кишиневке аттанады.

Молдовамен сырт алаңда өтетін матчқа қатысатын ойыншылардың тізімі жарияланды

Жолға шамамен алты сағат кетеді деп күтілуде. Команда Молдова астанасына кешкі уақытта – Кишинев уақытымен 23:00-де жетеді. 23 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Карповичтің, сондай-ақ ұлттық құрама ойыншыларының бірінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Ал сағат 17:00-де "Зимбру" стадионында Қазақстан құрамасының матч алдындағы жаттығуы жоспарланған. Молдоваға қарсы ойын 24 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де өтеді.

Сонымен қатар бұл матчта қызмет ететін төрешілер тобы да анықталды. Ойынға грекиялық төреші Тасос Сидиропулос бас қазы болып тағайындалды. Оған қос қапталдан отандастары Полихронис Костарас пен Лазарос Димитриадис көмектеседі. Ал төртінші төреші қызметін Василис Фотиас атқарады. Испаниялық маман Хуан Мартинес VAR-ға жауапты болмақ, Агелос Эвангелу оның көмекшісі болып бекітілді.

Молдовамен сырт алаңда өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасының ойыншыларының тізімі:

Қақпашылар: Стас Покатилов ("Ақтөбе"), Игорь Шацкий ("Шахтер"), Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз");

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков ("Астана"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Нұрлан Дайыров ("Тараз"), Тимур Досмағамбетов ("Шахтер"), Александр Марочкин, Сергей Малый, Бағдат Қайыров (барлығы – "Тобыл"), Темірлан Ерланов, Арман Кеңесов (екеуі де – "Ақтөбе"), Ғафуржан Сүйімбаев ("Ақсу");

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат ("Астана"), Бақтиер Зайнутдинов ("ЦСКА", Ресей), Асхат Тағыберген, Владислав Васильев (екеуі де - "Тобыл"), Айбол Әбікен ("Ақсу"), Думан Нәрзілдаев ("Каспий"), Рамазан Оразов ("Ақтөбе"), Георгий Жуков ("Висла", Польша), Абылайхан Назымханов ("Шахтер");

Шабуылшылар: Алексей Щеткин ("Ротор", Ресей), Абат Айымбетов ("Астана"), Роман Мұртазаев ("Шахтер"), Айбар Жақсылықов ("Тобыл").

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу