Моминов кәсіпқой бокстағы 12-жеңісіне қол жеткізді

2068

Жекпе-жек 10 раунд жалғасты. Бобыржан нокдаунға түсіп, есін жиды. 

Моминов кәсіпқой бокстағы 12-жеңісіне қол жеткізді

Жартылай орта салмақтағы Бобыржан Момынов (11-0, 8 КО) кәсіпқой бокста мансабындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Қазан қаласында өткен бокс кешінің басты жұлдызы 28 жастағы қазақстандық боксшы Ресейдің тәжірибелі боксшысы, 34 жастағы Вагинак Тамразянмен (17-7, 5 КО) кездесті.

Алғашқы үш минутта-ақ Момынов нокдаунға жығылды. Бірақ орнынан тұрып, жекпе-жекті одан әрі жалғастырды. Төртінші раундта қазақстандық қарсыласын есеңгіретіп тастады. Нәтижесінде жекпе-жек он раундқа ұласып, төрешілер жеңісті қазақстандыққа берді. Екі боксшы IBF Eurasia белбеуін алу үшін жұдырықтасты.

Момынов үшін бұл жекпе-жек Ресей аумағындағы алғашқы дебюті болды. Ол кәсіпқой бокстағы кездесулерінің көп бөлігін АҚШ-та, сондай-ақ Аргентинада және елімізде өткізді. Момынов Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) жаттығушылардың қатарына қосылғаннан кейін танымал болды. Ол 2017-жылдың жазында қазақстандық Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) қарсы кездесуде, бірінші жекпе-жегінің алдында спарринг-серіктес ретінде мексикалыққа көмектесті.

Бұған дейін "Қазандағы" шоуда тағы екі қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты. 29 жастағы Арман Рысбек 30 жастағы беларуссиялық Михаил Долголевцпен (3-0, 3 КО) кездесті. Төртінші раундтан кейін Рысбек жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Долголевец техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Ал жеңіл салмақ бойынша Дастан Садуұлы (3-1, 3 КО) кәсіпқой рингте  алғаш рет жекпе-жек өткізіп, қарсыласынан жеңіліп қалды. Ол ресейлік Вильдан Минасовпен кездесті. Бірінші раундтың өзінде-ақ Садуұлы екі рет нокдаунға түскен. Екінші үш минутта қазақстандық былғары қолғап шебері жекпе-жекті тоқтатуды жөн санады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу