Бүгін, 28 тамыз күні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің жеребесі өтеді. Жеребе рәсімі Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталып, оны УЕФА-ның ресми сайтынан онлайн тамашалауға болады.
Жеребеге қатысатын командалар келесідей бөлінген: бірінші себетте ПСЖ, "Реал", "Манчестер Сити", "Бавария", "Ливерпуль", "Интер", "Челси" және дортмундтық "Боруссия" мен "Барселона" бар.
Екінші себетке "Арсенал", "Байер", "Атлетико", "Бенфика", "Аталанта", "Вильярреал", "Ювентус", франкфурттық "Айнтрахт" және "Брюгге" орналастырылған.
Үшінші себетте "Тоттенхэм", "Аякс", "Наполи", лиссабондық "Спортинг", "Олимпиакос", "Славия" Прага, "Буде-Глимт" және "Марсель".
Ал төртінші себетте "Копенгаген", "Монако", "Галатасарай", "Юнион", "Қарабах", "Атлетик", "Ньюкасл", "Пафос" және қазақстандық "Қайрат" бар.
Жеребе тарту дәстүрлі түрде бірінші себеттен басталады: бір шар алынғаннан кейін, былтыр енгізілген автоматтандырылған жүйе тиісті клубқа қарсылас болатын сегіз команданы кездейсоқ түрде анықтап береді.