Айтулы жиынға Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх та қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы бекіткен Дүниежүзілік жылқы күні Моңғолияда тұңғыш рет ресми түрде тойланып отыр.
Ел президенті моңғол жылқысы адамзат тарихында, көшпелі өркениеттің қалыптасуында және Шығыс пен Батыс арасындағы байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарғанын жеткізді. Сонымен қатар, ол жылқыны "Моңғолияның ұлттық мұрасының ажырамас бөлігі" деп атады.
Президенттің пікірінше, қазіргі уақытта жер-жаһанда 60 миллионнан аса жылқы бар, оның 5 миллионнан көбі Моңғолияны мекен етеді. Ел жылқы саны бойынша әлемде төртінші, ал жан басына шаққандағы жылқы саны бойынша бірінші орында тұр.
Ухнаагийн Хүрэлсүх 2025 жылы жылқы мұрасын сақтау, зерттеу және насихаттау мақсатында Дүниежүзілік жылқы күнін белгілеу бастамасын көтергенін алға тартты. Кейін аталған ұсынысты БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдап, мереке енді жыл сайын ұлттық Наадам мерекесі аясында ресми түрде атап өтіліп келеді.
Дүниежүзілік жылқы күні аясында алғаш рет халықаралық ат жарыстары ұйымдастырылып, елдің барлық өңірінен келген шабандоздардың қатысуымен салтанатты шеруге жалғасты.