Синьхуаның жазуынша, Моңғолия аумағында тұтанған дала өртінің таралу қаупі жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті билікт өрт Моңғолия аумағында басталғанын және Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиялық ауданымен шекаралас аймаққа қарай жылжып келе жатқанын мәлім етті.
Сол себепті, Қытай тарапы шекара маңындағы аумақтарда өрттің таралуын тоқтату жұмыстарын күшейтуге кірісті.
– 11 қазан күні сағат 21:00-дегі жағдай бойынша өрт Қытай аумағына өткен жоқ. Қазір жалынның таралуына жол бермеу жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.
Өртті оқшаулау шараларына 2 мыңнан аса адам тартылған.
Әзірге өрт шарпыған аумақтың көлемі мен оның шығу себебі туралы нақты ақпарат жарияланбады.