Бауырлас елде қауіпті ауру тарай бастады

568

Елдімекеннің бірінде бубон обасы ауруының белгілері бар күдікті жағдайлар анықталған.  

Бауырлас елде қауіпті ауру тарай бастады Фото: canva

Моңғолияның тағы бір аймағында бубон обасына байланысты шектеулер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТАСС агенттігінің жазуынша, елдің Ховд аймағындағы елдімекенде бубон обасы ауруының белгілері бар күдікті жағдайлар анықталған. Жергілікті билік уақытша шектеу шараларын енгізіп отыр. Мектептер қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. 

"Біздің аймақтағы Булган елдімекенінде обаның белгілері бар жағдайлар анықталды. Аймақ басшысы көпшілік шараларға уақытша шектеу қойып, мектептер онлайн оқытуға көшірілді. Қазір оба таралуының алдын алу мақсатында дезинфекция және алдын алу жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады жергілікті әкімдік.

Мөрөн және Цагаан-Уул елдімекендерінде халықтың жүріп-тұруына, көліктің кіріп-шығуына қойылған тыйымның ұзартылды. Бұл жерлерде обадан бір тұрғын көз жұмды. Бұдан басқа базарлар, сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары мен алкоголь өнімдерін сатуға уақытша шектеу қойылды.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, обаға шалдыққан үш науқаспен байланыста болған 110 адам дәрігерлердің бақылауына алынды. Денсаулық сақтау қызметі Моңғолияда биылғы тамыз айында 17 аймақтың 130 елдімекенінде бубон обасының ошақтары тіркелгенін мәлімдеді. 2014 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықты бұл ауруды 20 адам жұқтырып, 9-ы көз жұмған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу