Моншалар мен көлік жуу орталықтары қанша литр су пайдаланады?

1790

Бір машинаны жууға шамамен 200-250 литр су жұмсалады.

Моншалар мен көлік жуу орталықтары қанша литр су пайдаланады? Фото: canva.com

Монша кешендерінің суды тұтыну көлемі жылына шамамен 120 млн текше метрді құрайды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысының айтуынша, суды қайта пайдалану тиімділігін арттыруға барлық негіз бар. 

"Біріншіден, бұл автокөлік жуу және басқа да қызмет көрсету кәсіпорындарына қатысты. Мысалы, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны шамамен 5 млн бірлікті құрады. Орташа алғанда өзіне-өзі қызмет көрсететін орындарда бір машинаны жууға арналған су шығыны шамамен 200-250 литрді құрайды. Жүк машиналары мен автобустарға келгенде су шығындары 500-700 литрге дейін артады. Бұл жылдық мәнде шамамен 100 млн текше метр суды құрайды. Ал монша кешендерінің суды тұтынуы жылына шамамен 120 млн текше метрді құрайды", - деп атап өтті спикер.

Нұржан Нұржігітов ШОБ объектілерінде "таза судың" нақты қолданылуын ескеріп, су ресурстарын қайталама пайдалану технологияларын енгізу қажет.

"Жергілікті тазарту құрылыстары технологияларын қолдану, атап айтқанда көлік жуу орындарында орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінен "таза суды" тұрақты қоспай және тұтынбай, су ресурсын қайталама және тұрақты айналымға қосуға мүмкіндік береді", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу