Moody's Investors Service рейтингтік агенттігі Jusan Bank рейтингі бойынша болжамды "Тұрақтыдан" "Оңға" көтерді

7159

Тиісті шешім 2022 жылдың 14 желтоқсанында шығарылды. 

Moody's Investors Service рейтингтік агенттігі Jusan Bank рейтингі бойынша болжамды "Тұрақтыдан" "Оңға" көтерді Фото: yandex.kz

Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі Jusan Bank-тің ұлттық және шетел валютасындағы депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингін B1 деңгейінде растап, "Тұрақты" боламын "Оңға" көтерді. 

Сондай-ақ Moody's Банктің базалық және түзетілген базалық кредитке қабілеттілік бағасын (BCA) b3 деңгейінде мақұлдады. Ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің қысқа мерзімді рейтингі NP деңгейінде. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді контрагенттік тәуекел рейтингі (CRR) ұлттық және шетелдік валютада Ba3/NP деңгейінде. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді контрагент тәуекелін бағалау Ba3(cr)/NP(cr) деңгейінде. Жалпы болжам да тұрақтыдан оңға дейін көтерілді.

Бұл ретте Moody's ұлттық шкаладағы ұзақ мерзімді депозиттер рейтингін Ba1.kz деңгейінде және ұзақ мерзімді CRR-ді Baa2.kz деңгейінде растады.

Moody's сарапшылары шешімдері Банктің бизнес моделінің одан әрі дамытуға деген сеніміне негізделгенін алға тартты. Бұл модель кірістің одан әрі өсуіне және активтер сапасы мен төлем қабілеттілігінің жақсаруына әкеледі. Сондай-ақ банк басшылығының тәуекелдерді азайту және агрессивті сатып алу жоспарларының болмауы туралы шешімі нәтижесінде корпоративтік тәуекелдерді басқарудағы оң өзгерістеріне мән берілді.

Агенттік сонымен қатар 2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша банктің жалпы активтерінің 60%-дан астамына жеткен банктің өтімді активтерін де есепке алды.

Мұнымен қоса Реттеуші белгілеген ең төменгі талаптардан айтарлықтай асып түсетін және тұрақтылықтың үлкен маржасын көрсететін Jusan Bank-тің пруденциалдық стандарттарын атап өткен жөн: 2022 жылдың қараша айының басында Jusan Bank-те меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) 30%-ға жетіп, белгіленген нормативтен 4 есеге өссе, ал ағымдағы өтімділік коэффициенті (k4) белгіленген нормативтен 7 есеге артып, 224%-ға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу