Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank-тің рейтингтерін растады. Агенттіктің болжамы бойынша банктің рейтингтері – "Тұрақты".
Moody's ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингін және Kaspi Bank контрагентінің ұзақ мерзімді тәуекел рейтингін Ba1 деңгейінде растады. "Тұрақты" болжам агенттіктің Банктің одан әрі орнықты дамуы туралы пікірін көрсетеді.