Аралас жекпе-жектің шебері қазақстандық Сергей Морозов пен UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісі Омар Нурмагомедов сәрсенбі, 20 қаңтарда UFC ESPN 20 турнирі аясында Абу-Дабидедегі (БАӘ) "Жекпе-жек аралында" (57-ден 61 келіге дейін) дебютік кездесу өткізді. Екеуі де кәсіби аралас жекпе-жекте тәжірибелі спортшылар. Морозов ММА-де өзінің 21-жекпе-жегін өткізді. Оның 16 кездесуін жеңіспен, қалған 4 жекпе-жегін жеңіліспен аяқтады. Ал кіші Нурмагомедов жалпы 12 жекпе-жектің барлығы жеңіспен аяқтаған.
Екі спортшы арасындағы жекпе-жек 2020-жылдың аяғында өтуі тиіс болатын. Алайда ресейліктің денсаулығына байланысты кейінге шегерілді. Кездесу үш раундқа есептелген болатын. Бірақ, мерзімінен бұрын аяқталды. Нурмагомедов екінші кезеңде қазақстандықты қылқындыру әдісімен жеңді. Дегенмен, алғашқы раундта екеуі де тең дәрежеде өнер көрсетті.
1-раундта ММА-дегі ең мықты төрешілердің бірі Майк Белл өз дауысын Морозовқа, ал оның әріптестері Пол Сатерленд пен Клеменс Вернер жеңісті Омар Нурмагомедовке берді. Бірақ екінші кезеңде бұл мәселеге нүкте қойылды. Ресейлік тұншықтыру әдісін пайдаланған сәтте қазақстандықтың өзін-өзі босатуға деген ұзақ әрекетінен кейін бәрі аяқталды. Жеңімпаз бірден тоғыз жыл бұрын ағасы Хабиб те өзінің дебюттік жекпе-жегін дәл осы әдіспен аяқтағанын бірден еске алды.
"Тоғыз жыл бұрын Хабиб те осы рингке шығып, дебюттік жекпе-жегін дәл осылай аяқтады. Мен сол техниканы қайталай алғаныма өте қуаныштымын", - деді кіші Нурмагомедов Морозовпен болған жекпе-жектен кейін. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын және керемет сезімдемін!", - деді Омар Нурмагомедов октагондағы13-жеңісінен кейін.
Кездесу аяқталған соң Хабиб Нурмагомедов Морозов пен оның командасына алғысын білдірді. Енді UFC жанкүйерлері 23-қаңтарда өтетін UFC 257 турнирін асыға күтуде. Бұл жарыстағы басты жекпе-жек америкалық Дастин Пуарье мен ирландиялық Конор МакГрегор арасында өтеді.
Ермұхамед Мәулен