MTK Kazakhstan Қонқабаевтың рингке қашан шығатынын жариялады

2241

Ұлыбританиялық кәсіпқой менеджментпен айналысатын MTK Global компаниясының қазақстандық филиалы MTK Kazakhstan 23-тамыз күні Алматы қаласында MTK Fight Night бокс кешін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

MTK Kazakhstan  Қонқабаевтың рингке қашан шығатынын жариялады

MTK Global компаниясымен Тайсон Фьюри, Билли Джо Сондерс және Лиам Смит сияқты атақты боксшылар бірлесе жұмыс атқарады. Ал оның еліміздегі өкілі MTK Kazakhstan наурыз айында Алматы қаласында бокс кешін өткізуді жоспарлаған болатын. Алайда коронавирус пандемиясы оған кедергі келтіріп, аталған спорттық іс-шара бірнеше мәрте кейінге шегерілген. 18-шілде күні кәсіпқой боксшылармен бірге өтуі тиіс кеші тағы да карантинге байланысты өтпеді. Сондай-ақ бокс кешін америкалық ESPN спорттық каналы таратады деп келісілген еді. Енді міне, 11-тамыз  күні МТК-ның еліміздегі өкілінің Iinstagram парақшасында көптени күткен бокс кешінің 23-тамыз күні өтетінін хабарлады.

"23-тамыз күні Алматы  қаласында MTK FIGHT NIGHT кәсіпқой бокс кешінің өтетінін қуана хабарлаймыз, - деп жазылған хабарламада. Турнирге танымал қазақстандық кәсіпқой боксшылар қатысады. Олар Абай Төлеш, Виктор Коточигов, Рай Сейітжанов, Иса Ақбербаев, Сапарбай Айдаров, Нуртас Ажбенов, Нурдос Төлебай, Әли Балоев, Сағадат Рахманқұлов, Нұржан Мақашбаев, Талғат Бертілеуов және тағы да басқа қазақстандық және шете елдік боксшылар", - деп жазылған хабарламада.

23-тамыз күні кәсіпқой рингке Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қонқабаев алғаш рет шығатын болады. Ол 2020-жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алған. Алда өтетін бокс кешіне төртжылдықтың басты кешіне дайындық ретінде қарастыратынын айтты.

"Алматыда өтеді деп жоспарлап отырған бокс кешіне қатысамын. Өкінішке орай барлық турнирлер тоқтап қалды және тәжірибе аз болып тұр.Бұл кездесу өзімді бабымда ұстап қалуға көмектеседі", - деп Қазақстан бокс құрамасының ресми сайты Қонқабаевтың MTK-мен жасалған келісім-шартына анықтама берді.

"Қазақстанның бокс федерациясы мен бас бапкер Ғалымбек Қалиұлы Кенжебаев менің дайындығыма жетекшілік етуде. Егер барлығы сәтті өтсе, ол тағы бір жекпе-жек өткізуге рұқсат беруі мүмкін. Кәсіпқой бокста бір-екі кездесу өткізіп, жаңа тәжірибе жинап, оны жекпе-жектерде пайдалану жақсы әдіс. Кәсіпқой бокста жинаған тәжірибені әуесқой бокста пайдалану еш кедергі келтірмейді. Сондықтан біз келесі жылғы жазға, Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындаламыз. Мен үшін ең басты мақсат – Олимпиада медалі", - деді  Қонқабаев.

Сондай-ақ 23-тамыз кәсіпқой рингке 2019-жылғы Азия чемпоны Тұрсынбай Құлахмет пен 2018-жылы жасөспірімдер арасында өткен Олимпиада ойындарының вице-чемпионы Талғат Шайкен де шығады. Турнир 23-тамыз көрермендерсіз, барлық санитарлық – эпидемиологиялық номаларды сақтай отырып өткізілетін болады.

Ермұхмед Мәулен



 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу