Мұхамедсабыр Базарбай грузиялық қарсыласына күтпеген жерден жеңіліп қалды

1519

Париж Олимпиадасында бокстан 63,5 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Мұхамедсабыр Базарбайұлы грузиялық Лаша Гурулимен шаршы алаңға шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мұхамедсабыр Базарбай грузиялық қарсыласына күтпеген жерден жеңіліп қалды Фото: olympic.kz

Жекпе-жек өте тартысты өтті. Алғашқы раундта басымдық отандасымызда болса, екінші раунд грузиялықтың еншісінде кетті.

Үшінші раунд екі жақ үшін де маңызды болды. Сондықтан боксшылар соңына шейін күресті. 

Нәтижесінде, төрешілердің шешімімен Лаша Гурули жеңді деп танылды. 

Осылайша, Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиададағы жорығын аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу