WTA әлемдік рейтингінде 353-орында тұрған Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Үндістанның Мумбай қаласында өтіп жатқан Челленджер турнирін сәтті бастады.
Ол бірінші айналымда WTA рейтингінде 122-орында тұрған латвиялық Дарья Семенистаны 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.
Екінші айналымда Зарина Беларусь теннисшісі Ирина Шиманович пен Үнді теннисшісі Маая Раджешваран Ревати арасындағы кездесудің жеңімпазы Реватимен кездеседі. 1/8 финал аясындағы кездесу 6 ақпанға жоспарланған.
Ал, бүгін 5 ақпан Қазақстан уақыты бойынша 17:30-да Зарина хард төсенішті корттарда өтіп жатқан осы турнирде жұптық сайыста Екатирина Яшинамен бірге Рутуджа Бхосале – Алиса Барнет дуэтіне қарсы өнер көрсетеді. Турнир 9 ақпанға дейін жалғасады.