Мұнай бағасы қымбаттады. Қазақстанға пайдасы мен зияны қандай?

4450

Бүгін Brent маркалы мұнайдың баррелі 96 доллар болды. Энергетика министрі Болат Ақшолоақовтың айтуынша, мұнайдың бағасы жоғары болса, бюджетке және Ұлттық қорға түсім көбейеді. Дегенмен оның жағымсыз жағы бар.

Мұнай бағасы қымбаттады. Қазақстанға пайдасы мен зияны қандай?

"Егер мұнай бағасы жоғары болса, онда валюталық түсім де, салық түріндегі түсімдер де өседі. Бірақ жалпы алғанда салаға жақсы емес. Құбыр өнімдері, химиялық реагенттер сияқты материалдар бағасы өсіп келе жатқандықтан, өндіріс процесіне байланысты барлық зат та қымбаттай бастайды", – деді Ақшолақов ОртКом қызметінде өткен брифингіде. 

"Өкінішке қарай, мұнай бағасы қайта төмендесе, материалдар оған ұқсас динамикада арзандамауы мүмкін. Бұдан мұнай өндіруші кәсіпорындар зардап шегеді, экономикалары айтарлықтай төмендей бастады", – дейді Ақшолақов.

Оның пікірінше, Қазақстанға "ыңғайлы дәліз" – мұнай бағасының 80 доллар болғаны.

Жиын барысында Қазақстан 2022 жылы мұнай өндіру жоспарын 87,9 млн тоннадан 87,5 млн тоннаға дейін төмендеткені айтылды.

"Биылғы жоспар бойынша шамамен 87,5 млн тонна мұнай өндіреміз, оның 17,9 млн тоннасы ішкі өңдеуге бағытталады", – деп хабарлады Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Айта кетейік, бүгін Лондон ICE биржасында сәуірде жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 96,07 долларға дейін өсті. Бұған дейін Brent бағасы 2014 жылдың қазан айында барреліне 96 доллардан асқан еді.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу