Мұнай-газ машина жасау тауарларының импорты 3 млрд доллардан асқан

673

Мұнай-газ және тау-кен металлургия машина жасау секторында тұрақты өсім байқалып отыр. 

Мұнай-газ машина жасау тауарларының импорты 3 млрд доллардан асқан Фото: Pixabay.com

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Елімізде сорғылар, компрессорлар, клапандар, бекіту арматурасы, гидравликалық және пневматикалық жабдықтарды шығаратын зауыттар жұмыс істеп жатыр. Алайда ішкі нарық әлі де импортқа тәуелділікпен сипатталады. Мәселен, 2023 жылы мұнай-газ және тау-кен металлургия машина жасау тауарларының импорты 3 млрд доллардан асты. Импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында офтейк-келісімшарттар жасасу міндеттемелері бойынша заңнамалық жұмыстар жүргізілуде", - деді Қанат Шарлапаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу