Ойыннан кейін Қазақстанның бас бапкері Рикардо Кака көңіл күйін жасыра алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мұндай керемет эмоция сезінбеген едім. Бұрын да жеңіс пен жеңілістер болған, бірақ дәл бүгінгідей жеңісті сезбедім. Бірақ біз әлі жарысты ұтқан жоқпыз. Әрине, бұл өте жақсы. Бірақ біз тек бір кезеңнен ғана өткенімізді ескерейік. Енді алдағы қарсыластарымызға дайындалуымыз қажет. Қуанышымызды тез басып, келесі ойынға дайындалу керек", – деді ол.
Бас бапкердің айтуынша, Қазақстан құрамасын құттықтаған хаттар толассыз келіп жатыр екен.
"Бұл – Қазақстанның және бізді қолдап жатқан Өзбекстанның да жеңісі. Бразилиядан да хаттар келіп, жігіттерімізге сәттілік тілеп жатыр. Плей-оффқа тоқталсақ, ерте кезеңде-ақ әлемдегі ең мықты ұжымдардың жолдары түйісті. Қуанышымызға қарай, барлығы біздің пайдамызға шешілді", – деді Рикардо Кака.