Мұратхан Тоқмәди екі айға қамауға алынды

1736

Оған кәсіпорындардың жарғылық қорынан үлес бопсалады деген айып тағылды.

Мұратхан Тоқмәди екі айға қамауға алынды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының шешімімен "ҚазҚұрылысШыны" ЖШС бас директорының кеңесшісі Мұратхан Тоқмәди екі айға қамауға алынғанын хабарлайды Алмалы сотының баспасөз қызметі.

"Қылмыстық қудалау органы Мұратхан Тоқмәдиді 2005 жылдан бері анықталмаған тұлғалармен қылмыстық келісімге келіп "Семрюжком" және "ҚазҚұрылысШыны" ЖШС құрылтайшыларының біріне қатысты күш қолданып, бопсалау арқылы аталған кәсіпорындардың жарғылық қорының үлесін имеденді деген күдік келтірді. Тоқмәди өз қылмыстық әрекеттерімен 185137246 теңге мөлшерінде үлкен материалдық зиян шектерді", – делінген баспасөз хабарламасында.

Соттың үкімімен Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының мекемеаралық жедел тергеу тобы басшысының өтініші қанағаттандырылды.

Мұратхан Тоқмәди Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194 бабы, 3 бөлімі, 2 тармағы "Ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында бопсалау" бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 12 маусым сағат 07:50-де ұсталғаны айтылады.

Бұдан бұрын БАҚ Қазақстанның арнайы қызметі бизнесменді өз үйінен тұтқындап әкеткені туралы жарысып жазған болатын. Мұратхан Тоқмәди құрылтайшы болып табылатын "ҚазҚұрылысШыны" зауытына жүргізілген тінту жұмыстарының бейнетүсірілімін КТК арнасы көрсеткен еді.

Әйгерім Сүлейменова, Дана Иман
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу