"Мықтылар турнирі": Әйелдер боксынан Қарағандыдағы жарысқа 70 спортшы қатысады

331

Жарысқа жалпы саны 70 боксшы тіркелген. 

"Мықтылар турнирі": Әйелдер боксынан Қарағандыдағы жарысқа 70 спортшы қатысады Фото: Бокс федерациясы

Ертең Қарағандыда бокстан әйелдер арасындағы "Мықтылар турнирі" басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кеше "Мықтылар турнирінің" техникалық жиыны және жеребе тарту рәсімі өтті. 

Жарысқа жалпы саны 70 боксшы тіркелген. Олар еліміздің барлық аймағынан және Ресейден қатысады. 

Қарағандыдағы турнирдің басты ерекшелігі – әйелдер боксы бәсекесінің алғаш рет арнайы бас киімсіз өтуінде. Оған қоса бапкерлік кеңес дәл осы жарыста Азия чемпионатына қатысатын боксшыларды қарастырады.

Турнирге Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай қатыспайтынын естеріңізге саламыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу