Отандасымыз Мөлдір Жаңбырбай Мысырдағы турнирде 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесін өнер көрсетіп, чемпионы атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мөлдір Жаңбырбай финалында хорватиялық Эмма Сгарделли кездесті.
Айта кетейік, Мысыр астанасы Каир қаласында Karate 1-Premier League турнирлік сериясының үшінші кезеңі өтіп жатыр.
Бүгін тағы төрт қазақстандық каратеші Премьер-лига кезеңінде кумитэ бойынша жүлделі орындар үшін бақ сынайды:
- Айжан Бакирова (61 кг),
- Диас Анарбеков (84 кг),
- Софья Берульцева (68 кг) – қола медаль үшін күреседі,
- Әсел Қанай (61 кг дейін) украиналық Александра Шолоховамен алтын медальді сарапқа салады.
Мөлдір Жаңбырбай 1997 жылдың 18 мамырында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі.
Ол – Қазақстан чемпионаттары мен спартакиадаларының, республикалық және халықаралық додалардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Сонымен қатар Азияның үш дүркін чемпионы (2013, 2017, 2018). Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Каратеден әлем чемпионы, сондай-ақ 2022 жылы Ханчжоуда өткен XIX жазғы Азия ойындарының финалисі.