Н.Назарбаев: Еуразия экономикалық одақтың жұмысына Шанхай Ынтымақтастық ұйымын да тарту керек

1320

Еуропа мен Азия нарықтарының сауда көпірі жобасын іске асырып, Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына Шанхай ынтымақтастық ұйымын да кірістіру керек.  

Н.Назарбаев: Еуразия экономикалық одақтың жұмысына Шанхай Ынтымақтастық ұйымын да тарту керек

Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Құрметті төраға, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай ұсынысты ортаға салды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа біздің елдің астанасында қол қойғанымызға 29 мамыр күні 7 жыл толады. Бүгінгі күні бірлескен күш пен еңбектің арқасында ЕАЭО әлемнің экономикалық кеңістігінен жүйелі орын алғанын ауыз толтырып айтуға болады. Кейінгі бес жылда елдеріміздің өзара саудасы 21 пайызға өсіп, былтыр 55 млрд долларға жетті. Бұл – дағдарыс жағдайындағы көрсеткіш. Әйтпесе, біз одан да үлкен жетістіктерге жете аламыз. Коронавирус пандемиясымен келген экономикалық дағдарыс біздің интеграциялық бірлестігіміздің беріктігінің сынағына айналды. Қауіпсіздік мәселесі бірінші орынға шықты. Бұл азық-түлік, дәрі-дәрмек, цифрлық және қаржылық инфрақұрылым сияқты бірнеше саланың кең ауқымын қамтиды",–деді Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша кейбір мемлекеттер іштей жабыла бастаған. 

"Сауданың қиындауы, өзара кедергілердің көбеюуі – біз сіздермен бірге жаһандық деңгейдегі сынақтап өттік. Біздің аймақтағы мығым интеграцияға қарсы күштер де бар. Ондайға беріліп кетуге болмайды",– деді ол.

Елбасы экономикалық одақтың жұмысында алдымен әлеуметтік инфрақұрылымға мән беру керек.

"Жақын жылдарда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың нарығын толық құру қажет. Екіншісі – азық-түлік қауіпсіздігі мен агроөнеркәсіп саясаты.  Бұл бағыттағы кооперацияны  жеделдетіп,  азық-түлік тапшылығына жол бермей, бүкіл кеңістікте бизнестің дамуына мүмкіндік жасаған абзал. Сарапшылардың айтуынша, осы жылдары банктерде қалыптасқан 10 триллиондық инфляция жалпы инфляция туындатады. ЕАЭО-ның әлеуетін Еуропа мен Азия нарығының арасындағы көпір ретінде пайдалану ұсынысы әлі өзекті. Біздің одақта өз аумағымыздағы елдердің тұрғындарын қамтамасыз ететіндей бәрі бар. Тек дұрыс жоспарлап, дұрыс кооперацияны жолға қойып, дұрыс байланыс орнату арқылы өз аумағымызда бар дүниемен өзге елдерді қамтамасыз етуіміз керек. Жуықта азық-түлік тапшылығын міндетті түрде сезінеміз. Сыртқы байланыстар маңызды. Бұған дейінгі отырыстарда айтқанымыздай, Еуропа мен Азия нарықтарының сауда көпірі жобасын іске асырып, бұл іске Шанхай ынтымақтастық ұйымын да кірістіруіміз керек",деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Аян Бекенұлы


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу