Н. Назарбаев: "Партияны ел Президенті басқаруы керек"

1176

Өкілеттіктерді беру тәртібі Партия Жарғысына сәйкес жүзеге асырылатын болады. 

Н. Назарбаев: "Партияны ел Президенті басқаруы керек"

"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы Төрағасының өкілеттіктерін беру туралы шешім қабылдап, партияны ел Президенті басқаруы керектігін қадап айтты. Өкілеттіктерді беру тәртібі Партия Жарғысына сәйкес жүзеге асырылатын болады", – деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желіде.

"Nur Otan" партиясы Қазақстанның президенттік ірі саяси партиясы. 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Отан" партиясы атымен құрылды.

Партияның Х съезінде көпшілік дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшін "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. 2008 жылғы 17 қаңтарда Елбасы – Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен "Нұр Отан" ХДП Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, партияның халықтық платфомасын іске асырудың бағдарламасы қабылданды. 2008 жылғы 15 мамырда "Жас Отан" жастар қанатының І сьезі өтті.

2009 жылғы 9 қаңтарда Партия Орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдық отырысы өтті. 2013 жылғы 18 қазанда "Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясы "Nur Otan" партиясы болып өзгертілді. Сол күні партияның жаңа Доктринасы қабылданды. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі сайлауы қарсаңында 2016 жылғы 29 қаңтарда өткен кезектен тыс XVII Съезінде "Нұр Отан" партиясының – "Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" сайлау алды бағдарламасы әзірленді және қабылданды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу